Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бүркітті ардагерлер өзімен аттас медальмен марапаттады (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Бүркіт ерекше марапатқа ие болды. Арнайы мақсаттағы бөлініс "Бүркіт" ардагерлер басшылығы өнер иесіне 20 жылдық "Бүркіт" медалін табыстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/berkut_qazaqstan_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/berkut_qazaqstan_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүркіт жаңа жетістігі туралы Instagram желісінде айтып мақтанған. Қызығы, әншінің медалі оның өнердегі лақап атымен бірдей.

"Бүгін 11 -ші желтоқсан күні Арнайы мақсаттағы бөлініс "Бүркіт" ардагерлер басшылығынан 20 жылдық "Бүркіт" медалімен марапатталдым! Рахмет" , - деп жазды эстрада жұлдызы.

Айбек Жансейітовтің бұл жетістігіне онымен бірге қуанған желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, оған деген ізгі әрі ақ тілегін жаудырған.

"Құтты болсын, тек қана алға" , "Үлгі тұтар ағасыз" , "Сізге ризамын. Қай марапатқа болсын лайықсыз" , "Құтты болсын марапатыңыз! Мен 5570 әскери бөлімінде әскери борышымды өтедім. Бізде де Бүркіт арнайы бөлімшесі болды. Ондағы мықты азаматтарды мерейтойларымен құттықтаймын!!! Құтты болсын" , "Құтты болсын, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз" , "Құтты болсы ағасы, жетістіктерінің көбейе берсін" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831514-nsi-brkitti-ardagerler-zimen-attas-medalmen-marapattady-foto/

pixel