Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаевтың жастық шағындағы видео елді күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өз орны бар Мейрамбек Бесбаев жастық шағындағы видеосымен бөлісіп, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді. Өнер иесі "МузАрт" тобының дүркіреп тұрған кезінде берген ерекше сұхбатынан үзінді жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасына жас кезіндегі бейнежазбаны жүктеп, барша жанкүйерлерін күлкіге қарық қылған.

Аталмыш видеода Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаевтың журналиске сұхбат беріп жатқаны көрініс тапты.

Тілшімен енді ғана әңгіме құрып, оның сұрақтарына жауап бере бастаған әншілерді өзімен бір топта өнер көрсететін Сәкен Майғазиев алып кетеді.

Ол өз әріптестеріне сахнаға шығатын уақыт келгенін ескертіп, оларды асықтыра сұхбатты аяқсыз қалдырады.

Қызығы, Мейрамбек пен Мақсат орындарынан тұрып, кете бергенде олардың артындағы декорацияны біреу ұстап тұрғаны көрініп қалады. Осылайша, "МузАрт" мүшесі бұрынғы жұлдызды сұхбаттар қандай болғанын қалың көпшілікке көрсетті.

Өнер иесінің бұл видеосы желі оқырмандарын күлдіртіп қана қоймай, олардың қызу талқысына себепші болған.

"Вайн дегенді осы кезде бастаған екенсіздер ғой ", "Жастық шақта қандай керемет болғансыздар" , "Жас кез деген керемет қой" , "Арттағы сурет жылжымалы екен" , "Қатырасыздар, күлкіден өлдім" , "Декорация деген артынан кетіп жатыр" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831518-mejrambek-besbaev-zastyk-sagyndagy-kyzykty-shbatymen-blisti/

pixel