Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жантүршігерлік халдегі Айгүл Иманбаева жұртты шошытты (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева кезекті қойылымнан кейінгі образымен жұртты шошытты. Өнер иесі көгерген қан-жоса түрін көрсетіп, актерлік өнердің ел білмейтін тұстарын көпшілік назарына көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Иманбаева жантүршігерлік образын Instagram желісінде жариялаған.

Актриса жүктеген суретте оның лас киімде әрі жалаңаяқ отырғанын байқауға болады. Оған қоса, танымал әртістің бетінен көгерген іздер көрінеді.

Өнер иесі аталмыш фотоларды ел назарына ұсынып, актерлердің сахна сыртындағы құпиясын ашты.

Иманбаева театр өкілдерінің жұмыс барысында қандай тәуекел мен қиындықтарға баратынын айтты.

Белгілі болғандай, шоу-бизнес жұлдызы аяғын ұстап отырған суретінде табанына кіріп кеткен әйнекті тазалаған көрінеді.

"Әртіс мамандығы қызық пен қиыншылыққа толы. Бір қараған адамға жәй ғана сахнаға шыға салады деп ойлауы да мүмкін. Жоқ біздің жұмыс толассыз еңбек пен ұйқысыз күндер, түндерден тұрса керек. Театрымыздағы "Жан Пида"қойылымынан кейін өзімм сол табаныма қадалған әйнекті тазалап отырған. Сахна сыртындағы шындық" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831522-zantrsigerlik-haldegi-ajgl-imanbaeva-zrtty-sosytty-foto/

pixel