RU
Atameken Business арнасы көрерменге жаңа үш жоба ұсынды

Atameken Business арнасы көрерменге жаңа үш жоба ұсынды

Рассказать Вконтакте

Телевизиялық жаңа туындының жарық көруіне тікелей көрермен талғамы себепші. Көрерменнің сұранысын ескеріп ұсынылған контент қашанда ұтымды.

Atameken business ұсынған жаңа жобалар

Atameken Business арнасы жақында «Шыны керек», «Анығын айтсақ» және «Сөзбе-сөз» атты үш жаңа өнімді көрерменге ұсыныпты.

Жалпы аудиторияның ішінде қазақтілді көрерменнің басым екенін жақында өткен Медиа құрылтайда белді менеджерлер айтқан болатын. «Сұраныс ұсынысты анықтайды» деген нарық қағидасын бекем ұстанатын Atameken Business арнасы бұл сұранысты қалт жібермеген сыңайлы.

Atameken business ұсынған жаңа жобалар
«Қазақтілді медиа ақпаратты тұтыну 180 градусқа өзгерді. Қазақ тіліндегі өнімге сұраныс өте жоғары. Оны YouTube парақшасындағы қаралымның саны көрсетіп тұр емес пе?! Мұны біле тұра, аудиторияның сұранысын ескермеу дұрыс болмас. Биылғы күзгі телемаусымда жоба саны еселеп артты. Қазан айында бірнеше бағдарламаны эфирге шығардық», - деді Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахария.

Сонымен көрермен назарына ұсынылған жобаларға тоқталып өтейік. Соның бірі - SHYNY KEREK /ШЫНЫ КЕРЕК бағдарламасы. Күнделікті ақпарат айдынында талқыға алынған өзекті тақырыпты «Шыны керек» бағдарламасының жүргізушісі ілмегіне алып, ойталқыға салады. Әлеуметті толғандырған мәселелер, қызу талқыға түскен экономикалық және жалпы қоғамға қатысты тақырыпты жалпақ тілмен жеткізіп отырған бағдарлама жүргізушісі – телевизия саласында танымал Нуриддин Бидосов.

Atameken business ұсынған жаңа жобалар

Бағдарламаның жаңалықтар легінен айырмашылығы – өзекті тақырыптың 5 минуттық эфирде талқыланып, тақырып төңірегінде айтылған пікірлерді топтастырып, жүргізушінің ойымен ұштастырылып берілуінде. Бағдарламаның уақыты ықшам, бір сөзбен айтқанда қысқа әрі нұсқа! Екіншіден, күнделікті жаңалықтар арасынан қоғамға аса маңызды ақпар төңірегінде ой қорытуында. Үшіншіден, айтылар жаңалықтың түрлілігі, яғни ол белгілі бір сала не болмаса бағытпен шектелмей, қоғамға маңызды өзекті мәселерді талқылауында.

SHYNY KEREK /ШЫНЫ КЕРЕК бағдарламасы қазан айының соңынан бері Atameken Business телеарнасының эфирінде күнделікті 19.52-де шығады. Осы аралықта әлеуметке қажетті 34 тақырып ой елегінен өтіпті.

«Бағдарлама түрлі тақырыпты қамтиды. Күнделікті жаңалықтар арасынан көрерменге ең өзектісін анықтап, соның төңірегінде ой қорытылады. Atameken Business телеарнасының Youtube-тегі парақшасында көрермен қалдырған пікір де назардан тыс қалмайды. Ең қызу талқыға алынған, көрермен сауалы көп тақырыпқа жауап іздейміз», - деген Нуриддин Бидосов көрермен пікірі басты назарда екенін жеткізді.
Atameken business ұсынған жаңа жобалар

Сәтті басталған тағы бір жобалардын бірі «Анығын айтсақ» бағдарламасы. Бағдарлама аптада болған өзекті тақырыпты саралап, әр жұма күні, сағат 19.10-да көрерменге ұсынылуда. Әр шығарылымы 4-5 мың қаралымнан бастап 60-70 мыңға дейін барады. Жобаның енді басталғанын ескере кетсек, қазақстандық youtube сегменті үшін жақсы көрсеткіш деуге болады.

Бағдарлама командасы тек бар ақпаратты таратып қоймай, оны жан-жақты қарастырып, түрлі астарлы тұстарына назар аударады. Сонымен, бірге көрерменмен диалог құруға тырысады.

«Әлем мен еліміздегі ең маңызды жаңалықтарды зерделеп, аудитория назарына ең шынайы, сапалы ақпарат ұсыну негізгі мақсат» - дейді жоба жетекшісі Нағашыбек Алданов. Оның айтуынша, бағдарламаның апта соңындағы әр шығарылымы қоғам талқысына түскен ең өзекті сұрақтарға жауап беріп отырады.
Atameken business ұсынған жаңа жобалар

Жаңа телеөнімнің бірі - "Сөзбе-сөз" бағдарламасы. Айтылған сөздің мәйегін сақтап, салиқалы сөзден ақпарат жеткізетін бағдарламада өтер аптада болған оқиғалардың жауапты тұлғалар сөзімен жеткізілуі – жобаның бірегейлігі.

Бағдарлама авторы Қайырбек Жәйлібекұлы 7 күн бойы шенеуніктердің әр әрекеті мен сөзін мұқият қадағалайды. Жүріс-тұрысы мен пікірлеріне басқа қырынан үңілуге шақырады.

Жоба барысында 7 күндегі мәселер маржандай тізіліп, жұрттың жанайқайы айтылады, қалжыңмен қағытып, шенді-шекпенділердің жұмысына баға беріледі, осылайша қоғам пікірін қалыптастыруда өзіндік үлес қосары бар жоба.

*PR құқығында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel