RU
Алматыда жануарлар тірідей өртеніп кетті

Алматыда жануарлар тірідей өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы жануарларға арналған баспана өртенді. Белгілі болғандай, мысық, ит және түлкі бар бөлмені жалын шарпып, сегіз жануар мерт болды. Оларды құтқармақ болған үй иесінің күйеуі де ажал құша жаздаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда жануарлар тірідей өртеніп кетті

Фото: КТК арнасындағы видеодан кадр

Иесінің сөзінше, ол үйдің ішінде өрт пайда болғанын бірден байқамапты.

Нәтижесінде баспананы жалын шарпығаны белгілі болғанда оның күйеуі жануарларды құтқаруға асыққан.

Әйел адамның айтуынша, жануарлар жанып жатқан бөлме түгелдей өртенген. Күйіп кеткен үй жануарларының ішінде иттер, мысықтар мен түлкі де бар.

Атап өтілгендей, ер адам бөлмедегі жануарларға қарай жүгіргенде оның үстіне бір бөрене құлаған. Ол тіпті, көп түтіннің салдарынан шығу жолын таба алмапты.

Нәтижесінде ер адам аман қалды. Ал өрт сөндіру бөліміне жалынды түгел сөндіру үшін бірнеше сағат керек болған.

Телеарнаның хабарлауынша, үйдің екінші қабаты жануарлармен бірге түгелдей өртеніп кетіпті. Тек сырттағы торда отырған жануарлар ғана аман қалған.

Оларды еріктілер өз мойнына алды. Ерлі-зайыптылар үйді түгелдей қалпына келтіргенше достарының үйінде болады.

Иесі Ульяна Бакеева өрт қасақана пайда болды деген нұсқаны жоққа шығарады. Оның ойынша, жалын қысқа тұйықталудың кесірінен болған.

Өрттің себебін мамандар анықтауда.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel