RU

Несиені тезірек жабу үшін ақшаны қалай төлеген дұрыс

Орташа есеппен әр қазақстандыққа 1,6 - 1,8 несиеден келеді. Бір адамға қарыздың орташа сомасы 800 мың теңгеден асады. Бұл мақалада біз төлемдерді тиімді ету, яғни артық төлеу арқылы үнемдеу туралы айтып береміз.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Төлемдер мөлшерін арттыру

Бірінші "рецепт" кейбір берік қоры бар адамдарға арналған. Ол несиені ертерек төлеу дұрыс екенін (ертерек төлесең, үстінен аз төлем жасайсың) көрсетеді. Ол үшін не қосымша жұмыс тауып, не шығындарды оңтайландыруға (яғни үнемдеуге) тырысу керек.

Мерзімінен бұрын өтеу үшін қосымша ақша пайда болған кезде кредиттердің қайсысын (егер олар екі және одан да көп болса) тезірек жабу керегін шешіп алу керек.

Ай сайынғы 45 мың төлемі бар, 6 айға 23 пайызбен алынған тұрмыстық техниканы төлеу керек пе, әлде ай сайынғы 60 мың теңге төлемі бар екі жылға 17 пайыздық ставкамен жөндеу жұмыстарының қарызын ба?

Көпшілігі несиені аз төлеген сайын оңай болады деп ойлайды. Сондықтан тұрмыстық техника үшін несиені тезірек жапқысы келеді. Және бұл дұрыс шешім. Бірақ, мүлде басқа себеппен. Қарапайым математикалық есептер пайыздың ставкасы жоғары, яғни, тұрмыстық техника кредиттерін мерзімінен бұрын төлеп тастау қажеттігін көрсетеді.

Қайта қаржылану

Түрлі банктерде бірнеше кредит бар болса, қайта қаржылану мәселесін қарастыру керек. Яғни, барлық қарыздарды бір банкке аудару қажет. Біріншіден, төлем жасау әлдеқайда ыңғайлы, екіншіден, жалпы алғанда орташа мөлшерлеме төмен болады (әсіресе, егер олардың бірі бір жыл бұрын немесе одан да ерте алынған несие болса – онда олар қымбат болған).

Жаңа банк сіз адал төлеуші болған жағдайда, яғни несие бойынша төлемдерді уақытында және толық көлемде жасаған жағдайда ғана қайта қаржыландыруға келісетінін есте сақтау маңызды. Қаржы жоспарында тәртіпсіз адамды банктің қайта қаржыландыруы екіталай.

Кейінге қалдырмау

Несие төлеушілердің кейбірі бірнеше ай жинап, артынан ауыз толтырып айтарлық соманы мерзімінен бұрын салған дұрыс деп қателеседі. Мәселен, бес ай бойы 20 мың теңгеден қалдырып, 100 мың төледіңіз. Оның орнына ай сайын 20 мың төлеп тұруға болады.

Тағы да қарапайым логика ай сайынғы қосымша төлемдер қарыз сомасы мен оған қосылатын пайыздардың мөлшерін қысқартатынын көрсетеді.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қарқынды төмендетпеу

Адам кредиттің біреуін жапқан соң босаңсып кетеді. Банктегі міндетті төлемдердің мөлшері азайды, ал қалған артық ақшаны "жарата беруге де болады". Мысалы 60 мың және 40 мың теңгеден тұратын екі төлем болса, қазір соның 60 мың теңгесі ғана қалды. Неге 40 мың теңгені өз рахатың үшін жұмсамасқа?

Дегенмен, қаржы нарығының мамандары төлем көлемін түсірмеуді ұсынады. Сондықтан, жабылған несиеге төлейтін ақшаны қазіргі кредитті ертерек өтеу үшін жұмсаған дұрыс. Яғни, 60 мың теңге несие төлеудің орнына 100 мың несие төлесеңіз, артық төлейтін сомаңыз азая түседі.

Адал болу

Егер ай сайынғы төлемді өтеуге ақшаңыз болмай қалса, оны мойындау керек. Банк бөлімшесіне барып, себептерін түсіндіру арқылы тиісті арыз жазған дұрыс.

Ал егер жұмыстан қуылу немесе аурухана/ дәрі төлемдерінің анықтамасын немесе төлем қабілетсіздігін дәлелдейтін басқа да құжаттар әкелсеңіз, банк сізге қайырымдылық жасап, жеңілдікті мерзім дайындап береді. Ол арқылы жарналар төлеу бірнеше айға шегеріледі.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831547-nesieni-kalaj-drys-beru-kerek.html