RU

"Бедеу болып қалдым": Қайын атасының зұлымдығынан шаршаған әйел сырын ақтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Төрт жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншек бала босанғаннан кейін бедеу болып қалғанын сөз етті. Оның сөзінше, қайын атасы ұлын өзіне қарсы қойып жүреді екен. Зұлым атасының іс-әрекеттерінен шаршаған әйел жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ажырасқым келеді": Қайын атасының зұлым әрекеттерінен шаршаған әйел жан сырын ақтарды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы astana__forum парақшасына жазды.

"Төрт жыл бұрын тұрмысқа шықтым, 2 жасар қызым бар. Бала босанғаннан кейін бедеу болып қалдым, жатырымды алып тастады. Енді ажырасуды ойлап жүрмін. Күйеуімнің әкесі зұлым", - дейді ол.

Ата-енесін сыйлаған келіншек қайын атасына сол күйі жақпағанын сөз етті. Айтуынша, ер адам ұлын әйеліне қарсы қойып, тіпті, келіншектің өзіне қол көтеріпті.

"Барлығымыз бірге тұрамыз. Бөлек шығу туралы әңгімені тіпті, қозғамаймыз. Мен оларды сыйлаймын, күйеуімді сүйемін. Бірақ отбасымызда бәрін әкесі шешеді. Тып-тыныш отырып, күйеуімді маған қарсы қоя алады.

Тіпті, қайын атам маған бәрінің көзінше қол көтерді. Кейін күйеуіме "әйелді осылай ұстау керек" деді. Арамызға киліге береді.

Бала босанғаннан кейін мүлде басынып келеді. Шыдамым таусылды. Күйеуім аузымды ашқызбайды. Кейде өзімнің бедеу екенім есіме түссе, ажырасқаным дұрыс деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды ол.

Енді ажырасу жайлы ойлап отырған әйел жалғыз қызын ата-енесінен аулақ ұстағысы келеді екен.

Себебі қайын атасы оны бала көріп еркелетудің орнына, керісінше, кез келген уақытта дауыс көтеріп, оны шошытып жүреді екен.

"Ажырасқаннан кейін ата-енеме немересімен кездесуге тыйым салсам бола ма. Оны қалай заңдастырсам болады. Қызымды жақсы көреді, бірақ кейде дауыс көтеріп, ұрсып тастауы мүмкін", - дейді келіншек көпшіліктен кеңес сұрап.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бедеу болып қалдым": Қайын атасының зұлымдығынан шаршаған әйел сырын ақтарды
Mailfire view pixel