Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігі қайтарылады

Опубликовано:

Сенаторлар Байқоңырдағы жердің бір бөлігінің Қазақстанға қайтарылуын қарастыратын заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik/ Сергей Мамонтов
Фото: Sputnik/ Сергей Мамонтов: Facebook

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім еткендей, заңға енгізілетін түзетулер ресейлік тараптың жалға алып отырған жерлерінің 11,6 гектар аумағын қайтаруды қарастырады.

Заң күшіне енген соң аталған аумақ елімізге қайтаруылуы тиіс.

Қазақстан билігі бұл жерлерде жолдың («Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің бөлігі»), теміржолдың (Қазақстанның оңтүстік астанасы мен Ресей астанасын жалғайтын), газ құбырының (Бейнеу-Шымкент желілік бөлігі) құрылысын бастауды, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Төретам елді мекенін дамытуды жоспарлап отыр.

Вице-министр сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының сұрағына жауап бере отырып, жалпы Қазақстан жерлерінің 650 мың гектары жалға берілгенін атап өтті. Қабылданған құжатпен оның 11,6 гектар аумағы қайтарылады.

Сондай-ақ жалға беру ақысы өзгертілмейді. Оның мөлшері 118 млн долларды құрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Сол кезде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қайтарылған жерлерге руспубликалық маңызы бар нысандар салынатынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831562-kazakstanga-bajkoyrdagy-zerdi-bir-bligi-kajtarylady/

pixel