RU

Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш ару жақында ана атанбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Былтыр өзінен алты жас кіші бозбалаға тұрмысқа шығып, желіде шу тудырған танымал жайдармнашы Мереке Қалбаева жақында жолдасына сәби сыйламақ. Көптің қызу талқысына түскен ерлі-зайыптылар келер жылы алғаш рет ата-ана атанбақшы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/merekusha.k/arsen.akiev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/merekusha.k/arsen.akiev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Атышулы жұптың тұңғышы дүниеге келетіні жайлы олардың Instagram желісіндегі парақшаларынан белгілі болды.

Ерлі-зайыптылар бірге түскен фотосессиясын жүктеп, онсыз да Мерекенің жүктілігіне сенімді болған халықтың болжамын растады.

Оның үстіне, жайдарманшы ару өзінің аяғы ауыр екенін жасыруды қойған. Ол желіде жүкті екенін білдіретін фотоларын жариялаудан жасқанбайды.

Сонымен қатар, Мереке Қалбаева "Hit TV" арнасына сұхбат беріп, болашақ сәбиінің жынысын айтып қойды. Белгілі болғандай, КВН ойындарының арқасында қосылған ғашықтардың тұңғышы қыз бала болады екен.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты естіген бойда ерлі-зайыптыларды құттықтап, оларға деген ақ тілегін жаудырған.

"Бақытты болыңдар, сәбилерің дені сау болып туылсын" , "Құттықтаймыз, балаларың көп болсын" , "Көбейе беріңдер, жарайсыңдар" , "Құтты болсын, шын қуаныштымыз сендер үшін" , - деп жазуда көпшілік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш ару жақында ана атанбақ
Mailfire view pixel