RU

Еліміздегі басты шыршаны қай жерде және қашан жағатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы басты шыршаның қашан және қай жерде жанатыны белгілі болды. Дәстүр бойынша, салтанатты шара 18 желтоқсан күні елордадағы ЭКСПО-2017 аумағында өтеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы басты шырша қай жерде және қашан орнатылатыны белгілі болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Шыршаның нақты қай кезде жанатыны әзірге белгісіз. Әдетте салтанатты шара кешкілік уақытта, дала айтарлықтай қараңғы бола бастағанда өтеді.

Басты шырша 18 желтоқсан күні ЭКСПО-2017 аумағында қойылады. Ол жерде мерекелік концерт өтеді. Алайда мерекелік отшашу болмайды. Бұл туралы елордалық мәдениет және спорт басқармасында хабарланды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда бүкіл қала бойынша орнатылған тағы 20 шақты шырша жағылады. Сонымен қатар, елордада 20 төбешік пен 15 мұз айдыны іске қосылады.

Отшашулар жаңа жыл түні болады. Әкімшілік елордада отшашуды ұйымдастыратын кәсіпкерлерге жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы басты шыршаны қала әкімі Бақыт Сұлтанов жаққан. Ал 2017 жылы салтанатты шараға Әсет Исекешев қатысты.

Әзірге 2019 жылдың шыршаны жағуға Алтай Көлгінов атсалыса ма, жоқ па, белгісіз.

Атап өтейік, ЭКСПО-2017 аумағында тегін мұз айдыны орнатылады. Жаппай сырғанау орындары қаланың барлық аудандарында - тек елорданың орталығында ғана емес, сонымен қатар шет жақтарда да ұйымдастырылған.

Елорда әкімдігі өзінің Instagram.парақшасында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұз айдындарының толық тізімін жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздегі басты шыршаны қай жерде және қашан жағатыны белгілі болды
Mailfire view pixel