RU

Ғалымдар күндізгі ұйқының қауіпті екенін дәлелдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күндіз ұйықтайтын немесе түнде тоғыз сағат және одан да көп уақытын ұйқымен өткізетін адамдардың инсульт алу қаупі жоғары. Қытайдың Ухань қаласының ғылым және технологиялар университетінің ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытай ғалымдарының алты жылға созылған ғылыми тәжірибесіне бұрын инсульт алмаған 31,7 мың адам қатысты.

Сауалнама қорытындысына сәйкес, зерттеуге қатысушылардың 8 пайызы күндіз 90 минут немесе одан көп уақытын ұйқыға бөлген. Ал 24 пайызы – тәулігіне тоғыз немесе одан көп уақыт ұйықтаған. Соңғылары тәулігіне жеті-сегіз сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда 23 пайызға жиірек инсульт алған. Ал күндіз және ұзақ уақыт уйықтайтын адамдардың инсультқа 85 пайзыға жиірек ұшырайты анықталды.

Бұдан бұрын Сеченов атындағы медицина академиясының сомнолог дәрігері Михаил Полуэктов демалыс күндері ұзақ ұйықтау арқылы шаршау мен ұйқы қанбауын өтеуге болады деген қауесетті жоққа шығарған еді.

Оның айтуынша, адамның демалыс күндері әдеттегіден ұзағырақ ұйықтауы – ауыр дерттерге шалдықтыруы мүмкін. Атап айтқанда, қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі артады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар күндізгі ұйқының қауіпті екенін дәлелдеді
Mailfire view pixel