RU

Қазақстанда лаңкестер қоғамдық орындарды жарып жібермек болған

Қазақстанда үш терактының жолы кесілді. Оған қатысқан қаскөйлер 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты
Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты: Facebook

ҰҚК Тероризмге қарсы күрес штабы басшысының орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, халықаралық терористік ұйымдардың (ХТҰ) идеологтары интернеттегі үгіт-насихатты азайтқан. Дегенмен олардың тарапынан лаңкестік әрекеттерді жасауға шақыру жалғасып жатыр.

"ХТҰ өз насихаттарында азаматтарды өздері мекендейтін елдерде теракт жасауға шақырады. Осы жылдың өзінде ҰҚК лаңкестік жасау әрекетін алдын-ала біліп, олардың жолын дер кезінде кесті. Олардың екеуін Алматыда, екіншісін Қарағанды облысында жасау жоспарланған. Құқық қорғау органдарының ғимараттарына, сауда орталықтарына, ғибадат орындарына, қаржы мекемелеріне шабуыл жасау жоспарланған", -деді Швейкин.

Лаңкестік әрекет жасамақ болғандардың бір бөлігі террористік ұйымдардың қатарына өтіп кеткен таныстардың сөзіне ерсе, басқалары өздігімен интернетте көрген материалдардың әсерінен радикализацияға түсіп қалған.

Сергей Швейкиннің айтуынша, ұсталғандардан атыс пен травматикалық қару-жарақ, сондай-ақ, жарылғыш заттардың компонеттері тәркіленді.

"Олар құқық қорғау, діни, қаржы және ірі сауда ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Кепілге адам алуды да ойлаған. Террористік актілерді дайындауға қатысқан барлық азаматтар 6-18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Жалпы, биыл 7 радикалды топ пен 34 жеке азаматтың радикалды әрекеті әшкереленді", - деп атап көрсетті Швейкин.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831575-kazakstanda-lakester-kogamdyk-oryndardy-zaryp-zibermek-bolgan.html