RU
Алматыда Жомарт Ертаевқа қатысты сот басталды

Алматыда Жомарт Ертаевқа қатысты сот басталды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада бұрынғы қазақстандық банкир Жомарт Ертаев басты күдікті ретінде қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты сот басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жомарт Ертаев. Фото: ТОО "Алма ТВ"

Жомарт Ертаев. Фото: ТОО "Алма ТВ"

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін, 12 желтоқсанда Жомарт Ертаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

Жалпы, аталған іс бойынша 39 күдікті сотқа тартылғанын атап өткен жөн.

Олардың кейбіреулеріне қатысты тергеу жүргізу кезінде бас бостандықтан айыруды қарастырмайтын бұлтартпау шарасы белгіленген.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы көктемнің басында банкир Жомарт Ертаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы қымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

Алматыда мекемеаралық жедел-тергеу тобы экс-банкир әрі "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры Жомарт Ертаевты құрықтамақ болған. Алайда, Ертаев дер кезінде ізін суытқан.

2018 жылы мамыр айында банкирді ресейлік құзырлы орған өкілдері тұтқындаған болатын. Алайда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Ертаевты кейінірек босатып жіберген.

Биыл Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel