RU
Енді елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар басшылық қызметке тағайындала алады

Енді елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар басшылық қызметке тағайындала алады

Рассказать Вконтакте

Жаңа жылдан бастап еліміздегі мүгедектер республиканың мемлекеттік органдардағы басшылық қызметке қабылданады. Бұл туралы сенаттың отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрдің сөзінше, бұндай бастама Қазақстанның премьер-министрімен келісілген.

"Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік органдарға, соның ішінде басшылық лауазымдарға жұмысқа орналастырамыз. Егер ол бұрын құрылысшы қызметінде істеп, жарымжан болса, ол сол саланың маманы болғандықтан құрылыс ісі бойынша тиісті комитеттің басқарма басшысы, департамент директоры болып жұмыс істей алады", - деп түсіндірді министр.

Нұрымбетов бұл тәжірибе бүкіл әлемде кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Оның сөзінше, мүмкіндігі шектеулі азаматтар министрлер мен депутаттар лауазымдарын атқаратын елдер бар.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда сенат депутаттары міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды қабылдады.

Аталған заңнамаға сәйкес, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 30 пайызға артады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel