RU
"Түріктің Ким Кардашьяны" мінсіз мүсінімен жұртты тәнті етуде

"Түріктің Ким Кардашьяны" мінсіз мүсінімен жұртты тәнті етуде

Рассказать Вконтакте

Сұлулығы мен сымбатының көмегімен Instagram желісінде жұлдыз болған "түріктің Ким Кардашьяны" барын білесіз бе? Бойжеткен ерекше сырт келбетінің арқасында аяқ астынан танымалдылыққа ие болып, модель атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/gul_bahari

Фото: instagram.com/gul_bahari

Дене бітімі ұқсас болғандықтан көпшілік Гюльді америкалық фото-модель Ким Кардашьянға теңеп жатады. Оның ерекше сырт-келбеті тез арада танылып, атақ-даңқа ие болуына көмектескен.

Гюльдің ата-анасы Түркиядан АҚШ-қа көшіп кеткен. Оның әкесі жеткілікті қаражат жинап, Америкадан өз бизнесін ашқан. Қазір Гюль отбасымен бірге Филадельфияда тұрады.

Бойжеткен беделді Темпл уиверситетінде "халықаралық бизнес және қаржы" мамандығы бойынша білім алған.

Гюль бірінші және екінші курсында фитнес жаттықтырушы болып қызмет еткен. Кейіннен ол ойламаған жерден студенттік сән блогына тап болады. Ерекше мүсінді аруды модельдік агенттіктер бірден байқайды.

Бахари мұндай мықты қызметтен бас тартпастан, бірден келісімін берген. Ол содан бері сән саласында жұмыс істейді.

Қазір сәнбике көптеген брендтердің жарнамасына түсіп, тіпті кейбірінің амбассадорына айналған. Сондай-ақ Гюль Американың қалаларында немесе туған жері Түркияға саяхаттағанды ұнатады.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel