RU
Бейжің Тоқаевтың Шыңжаңдағы қазақтар туралы сөзіне пікір білдірді

Бейжің Тоқаевтың Шыңжаңдағы қазақтар туралы сөзіне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қытай билігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайына байланысты айтқан сөздеріне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CGTN телеарнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қытай бұқаралық ақпарат құралының мәліметіне сәйкес, Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы жағдайға байланысты ҚХР-ды қолдап айтқан "оң пікірлері" үшін Қазақстан президентін мақтап, "кейбір мемлекеттердің" жалған ақпарат тарату әрекеттері сәтсіздікке ұшырайтынын атап өтті.

"Бұл мәселеге байланысты президент Тоқаевтың айтқан сөздері екі ел арасындағы жоғары деңгейлі өзара сенімділік пен дәстүрлі достықты паш етті. Сондай-ақ, оның сөздері кейбір елдердің жалған мәлімдемелеріне күшті тойтарыс берді. Адамдар дұрыс пен бұрысты ажырата алады", – деді сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чунин.

4 желтоқсанда немістің Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы қазақтар мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ол этникалық қазақтарды лагерьлерге қамау жөніндегі ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының салдары екенін айтты.

"Мен бұл материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Мүмкін бірен-саран қазақ осы лагерьге түскен болар. Алайда халықаралық институттар мен ұйымдар көрсетіп отырғандай жағдай жоқ. Бұл, әрине, шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді Немцованың сұрағына Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
23
0
1
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel