Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазы жасайтын ішекті кір жуатын машинаға салған отбасы елді таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Ұлттық тағамның бір түрі қазы жасау үшін қолданылатын ішекті кір жуатын машинада жуған отбасы өз әрекеттерін видеоға түсіріп алған. Аталмыш ролик мессенджерлер арқылы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Роликтегі кадрларда кішкентай баланың "отбасымыз дайындағалы жатыр" деген дауысы естіледі. Алдымен балақай үстел үстіндегі етті жайғастырып, ұлттық тағамды дайындап отырған әжесін көрсетеді.

Артынша жуынатын бөлмеге кіріп, анасы мен кір жуатын машинаны көрсетеді. Әйел адам камераға осылайша "ішекті жуып жатырмыз" деп хабарлайды. Тіпті, келіншек ішекті жуу үшін ас содасы мен сірке суын қолданғандарын айтады.

Содан соң ойларына баға беру үшін үйдің басшысын шақырып, қауіпсіз заттармен жуылып жатқанын қайтадан мәлімдеген.

Бейнежазбаның кішкентай комментаторы "ақылды атбасарлықтар" осыған дейін ойланды деген сөзді бірнеше рет қайталайды.

Айта кетейік, бұған дейін айнадан өз түрін көріп, шошып қалған балақай желіде хит болған еді.

Видеода бүлдіршіннің бетіне қаламмен қас және мұрт салынғаны анық байқалады. Сәбиге өзінің бұл түрі ұнамай қалса керек, ол келбетін көріп жылап жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831595-kazy-zasajtyn-isekti-kir-zuatyn-masinaga-salgan-otbasy-eldi-tayrkatty-video/

pixel