RU
Қазақстан құрамасының бапкеріне үміткер болған маман "Наполиді" жаттықтыратын болды

Қазақстан құрамасының бапкеріне үміткер болған маман "Наполиді" жаттықтыратын болды

Рассказать Вконтакте

Италиялық "Наполи" клубының жаңа бапкері тағайындалды. Бұл қызметке атақты Дженнаро Гаттузо келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Гаттузоның жаңа қызметке тағайындалғаны туралы "Наполи" клубы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Атақты бапкер италиялық командамен жарты жылға келісім шартқа отырды.

Ал "Наполидің" бұрынғы жаттықтырушысы Карло Анчелоттиді клуб басшылығы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында қызметінен босатты.

Дженнаро Гаттузо өткен маусымда "Милан" клубын жаттықтырды. Ол баптаған ұжым Италия чемпионатында 5 орын алды.

Айта кетейік, италиялық маман 2018 жылы қаңтар айында ITA Sport Press басылымына берген сұқбатында Қазақстан құрамасын не үшін жаттықтырмағанын айтып берді.

"2016 жылы Қазақстан құрамасымен алдын-ала келісім шартқа қол қойдым. Астанаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) әйелім Моникамен бірге бардым. Ол жақта Моника ауа райының суық болатынын көрді. Сол себепті мен бұл жұмыстан бас тарттым", - деді Гаттузо.

Sky Sports басылымының мәліметі бойынша, "Наполидің" бұрынғы бапкері Карло Анчелотти англиялық "Эвертонды" жаттықтыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта атақты маман мен клуб арасында келіссөздер жүруде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel