Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жасынан ішімдік ішіп, есірткі қолданған келіншек бүгінде адам танымастай өзгерген

Опубликовано:

АҚШ-тың Калифорния штатының 42 жастағы тұрғыны бала күнінен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Сол себепті ол жеткіншек кезінде үйінен қашып, сол сәттен бастап ішімдік пен есірткімен әуестене бастапты. Тек араға он шақты жыл салғанан кейін келіншек жаңа өмір бастауға бел буған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

12 жасынан ішімдік ішкен келіншек өмірін түбегейлі өзгертті
Фото: instagram.com/resurrektion_of_me: UGC

Джен Элизабет небәрі үш жаста болғанда оның ата-анасы кішкентай қыздарды қорлайтын дінге қосылған екен.

Олар сектадан қашып құтылғанның өзінде жеткіншек көрген қорлығын ұмыта алмаған. Сол себепті Джен өзін қорғауға тырыспаған ата-анасынан қашып, 12 жасында ішімдік іше бастапты.

Ал бірнеше жылдан кейін есірткіні ермекке айналдырады. Кішкентай қыздың паналайтын жері болмағандықтан, ол бірде далада бірде арзан мотельдерде түнеп жүреді. Тіпті, есірткі сақтағаны үшін бірнеше рет қамауға алын.

2010 жылы, судья оған кезекті үкімді шығарып жатқан кезде ғана Элизабет есін жия бастапты.

"Мен өз тәуелділігімнің құлы болудан шаршадым. Тірі қалып, аман-есен жүруім үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауым керек еді. Бұған жетер жол ұзақ болды. Ол кезде нашақор едім. Мен қайта адам болуды, душ қабылдап, төсегімді жинастыруды, адамдармен сөйлесіп, дүкенге баруды үйренуім керек еді", - деді ол.

Бүгінде Джен өз өмірін қалпына келтірген. Қазіргі таңда оның бір күні өткен өмірінен әлдеқайда өзгеше деп жазады Mirror.

Элизабеттің жұбайы оған тәуелділігінен арылуға көмектескен. Әйел адам таңертең кофе ішіп, дұға етіп, Гейдж бен Ава есімді балаларымен бірге уақыт өткізеді.

Дженнің сөзінше, оның балалары оған алдыға мақсат қоюға септігін тигізген. Ол болашақта оларға өткен өмірі жайлы бар шындықты айтуды жоспарлап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831610-12-zasynan-isimdik-isip-esirtki-koldangan-kelinsekti-miri-kazir-kalaj-zgerdi/

pixel