RU

Тоқаев баспасөз хатшысы мен кеңесшісін марапаттады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақордада көрнекті қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапттау рәсімі жалғасып жатыр. Марапатталғандар арасында мемлекет басшасының кеңесшісі мен баспасөз хатшысы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Ақордада баспасөз хатшысы мен кеңесшісін марапаттады

Берік Уәли, Фото: KAZ.NUR.KZ

Ондаған қазақстандықтар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Толық тізім Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Олардың 39-ын президенттің өзі жеке марапаттап, төсбелгілерді таққан.

Мәселен марапатталғандардың арасында - перзиденттің кеңесші Ерлан Қарин да бар. Оған ІІ дәрежелі Достық ордені берілген.

Ал мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли "Құрмет" орденімен марапатталды.

Тоқаев Ақордада баспасөз хатшысы мен кеңесшісін марапаттады

Ерлан Қарин: Фото: KAZ.NUR.KZ

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Олардың арасында Димаш Құдайберген, Сара Назарбаева, Роза Рымбаева, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы - София Тасмағамбетов және өзге де белгілі тұлғалар бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев баспасөз хатшысы мен кеңесшісін марапаттады (фото)
Mailfire view pixel