RU
Тоқаев қандай шенеуніктерден құтылатынын айтты

Тоқаев қандай шенеуніктерден құтылатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада түрлі сала өкілдерін мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады. Президент іс-шараның алдында сөз сөйлеп, мемлекет кей шенеуніктерден бас тартанынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев есерсоқ шенеуніктерден құтылатын болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Ел президентінің сөзінше, барлық билік өкілдері барша қазақстандықтар секілді қарапайым азаматтар екенін және халық үшін жұмыс істеуге міндетті екенін ұмытпау қажет.

Тоқаев биліктің дұрыс моделін бюрократиясыз, толық цифрландырылған түрде айқын көреді.

Мемлекет басшысы елге басшылардың жаңа тобы қажет екенін де алға тартты. Сол үшін Қазақстан жас кадрларды президенттік резервке алып жатыр.

Сонымен қатар президент мемлекеттің әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз әрі "шенеуніктердің делқұлылығынан" қорғанғанын білуі тиіс екенін мәлімдеді. Президенттің сөзінше, осындай кадрлардан мемлекет бас тартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев елде сот жүйесінің, полиция қызметі мен жергілікті билік органдарының жұмыс істеу тәсілі өзгеріп жатқанын да атап өтті.

Ал оларды қалыптастыруға мемлекет тұрғындарының өздері де белсенді атсалысуы керек.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel