RU

Тоқаев Қазақстандағы баспана мәселесін түбегейлі өзгерткісі келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградаларды тапсырмас бұрын Қазақстандағы баспана мәселесіне тоқталды. Президенттің сөзінше, аз қамтылған отбасыларды пәтерлерге орналастырып қойып, жайбарақат отыра беруге боламайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мемлекет басшысының айтуынша 1,5 миллионнан аса адам тұрғын үй құрылыс жинақ банктен салымдар ашқан, бұл дегеніміз кезекте тұрған жарты млн қазақстандықтың шамамен 200 мыңы өзінің баспана мәселесін шеше алады деген сөз.

Кейбір аз қамтылған отбасылар жаңа баспанаға көшті, көптеген қазақстандықтар балаларына депозит ашуда. Бұның барлығы оң динамика. Дегемен жеткіліксіз.

"Бұл тынышталатын уақыт емес, баспана мәселесін түбегейлі шешу керек", - дейді президент.

Тоқаев қазіргі уақытта тұрғын үй мәселесі елімізде бірінші кезекте тұрғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, келер жылдан бастап кезекті тұрған көптеген адамдар баспаналы болу үшін "Бақытты отбасы" бағдарламасы ауқымы кеңейтілмек. Ол үшін Тоқаев тиісті тапсырма берген.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада президент қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831628-tokaev-kazakstandagy-baspana-zagdajyn-tbegejli-zgertkisi-keledi.html