RU

Роналду алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерімен суретке түсуден бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду алаңға жүгіріп шыққан жанкүйермен суретке түспеді. Бұған футбол фанатының әрекеті себеп болса керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында орын алды.

Германиялық "Байер" клубы өз алаңында туриндік "Ювентусты" қабылдады. Тартысты өткен ойын 0:2 есебімен италиялық ұжымның пайдасына шешілді.

Матчтағы қос голды екінші таймда Роналду мен Игуаин соқты.

"Байер" мен "Ювентус" арасындағы ойын аяқталған соң жанкүйердің бірі алаңға жүгіріп шығып, португалиялық шабуылшымен суретке түсуге ұмтылған.

Желіде тараған видео кадрынан "бұзақының" Роналдудың мойнынан тартып қалғаны, бұл әрекетке футболшының ашуланғаны анық байқалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Чемпиондар лигасының финалдық кезеңінен шыққан 16 команда анықталғанын хабарлаған едік.

Олардың арасында "Барселона", "Псж", "Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Реал", "Ювентус", "Челси", "Тотенхэм", "Бавария", "Аталанта", "Валенсия", "Наполи", "Боруссия", "Атлетико", "Лион", "Лейпциг" сынды клубтар бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Роналду алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерімен суретке түсуден бас тартты
Mailfire view pixel