Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар кеңесі: Ұшаққа қай күнге билет сатып алмаған дұрыс

Опубликовано:

Holiday Hypermarket атты Ұлыбританияның онлайн-туристік қызметі сенбі ұшақ билетін сатып алу үшін ең қолайсыз күн екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сарапшылардың пікірінше, егер саяхатшылар сенбіде ұшып шығу үшін турға брон қойса, онда олардың демалысы жұма немесе жексенбіге қарағанда бірнеше есе қымбатқа түседі екен.

"Біз барлық жетекші операторлардың билеттерінің құнын талдап шықтық. Егер сіз ұшуды бір күнге ауыстыратың болсаңыз, жүздеген фунт үнемдей аласыз деген қорытындыға келдік", - дейді Holiday Hypermarket қызметкері Ян Кроуфорд.

Мысалы, Мысырдың Хургада курортына сенбіде емес, жұмада ұшатын болсаңыз, 480 фунт стерлингке (244 мың теңге) арзан түсуі мүмкін.

Немесе, жексенбі күні Тенерифеге сапар 580 фунтты құраса, ал сенбіде 720 фунт болады. Яғни бір күнде 140 фунт стерлингті (71 мың теңге) үнемдеуге мүмкіндік болады.

Сарапшылар әуе сапарына кететін ақшаны үнемдей отырып, оны қымбат қонақ үйге, қымбат мейрамханаларға немесе қымбат экскурсияларға жұмсауға болатынын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831650-mamandar-sak-biletin-alu-sin-e-kolajsyz-knin-atady/

pixel