RU

Adidas, пижама және элиталық ішімдік: Қазақстанда шенеуніктерге қандай сыйлықтар сыйлайды

2019 жылы Қазақстанда шенеуніктерге сыйлық жасамақ болғандарға салынған айыппұл сомасы 10 млн теңгеден асқан. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елімізде мемлекеттік қызметкерлерге алғыс ретінде қандай сыйлықтар сыйланатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазақстанда шенеуніктерге сыйлық беу ӘҚБ Кодекс нормаларына сәйкес заң бұзушылық болып табылады және мұндай әрекетке барғандар мен сыйлықты алған шенеуніктер айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Айыппұл көлемі 200-600 АЕК көлемінде, яғни 500 мың теңгеден 1,2 млн теңге аралығын құрайды. Осылайша биылғы жылы мұндай айыппұлдың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асқан.

Бір қызығы мемлекеттік қызметкерлер өз еріктерімен сыйлықтарды мемлекеттік қорға тапсырған. Олар 700 мың теңге көлемінде бағаланған.

Агенттік өкілдері шенділерге қандай сыйлықтарды жиі сыйға тартқандығын да мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұндай тарту-таралғының қатарында косметика мен түрлі косметикалық құралдары бар сыйлық жиынтықтары, сондай-ақ азық-түлік өнімдері де бар екен.

Мемлекеттік қызметкерлердің көңілін аулау үшін көп жағдайда оларға тәтті тоттар мен бәліштер ұсынылған.

"Биылғы жылы сыйлықтардың арасында домбыра, түрлі тұмарлар, ерлер шарфы, Adidas спорттық костюмі, корнишондарымен қапталған зәйтүн, элиталық алкоголь, тіпті пижама да болған", - дейді агенттік өкілдері.

Ал кейбірі көзге түспеу үшін шенеуніктердің телефондарына бірлік салады екен. Олардың сомасы 1000-2 мың теңге.

Агенттік өкілдері қазақстандықтарды шенеунікке берген аз ғана сыйлығы үшін, азаматтар айыппұл түрінде бірнеше есе көп шығынға бататынын тағы бір мәрте ескертті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831655-adidas-pizama-zne-elitalyk-isimdik-kazakstanda-seneunikterge-kandaj-syjlyktar-syjlajdy.html