RU

"Көк тудың желбірегені" әнімен танылған әнші Азия чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір Азия чемпионы титулы үшін малавилік спортшымен қолғап түйістіреді. Кездесу 14 желтоқсан күні Мәскеу қаласында өтпек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ибрагим Ескендір Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Алла жазса IBA ASIA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағына жұдырықтасуға бел байладым! Қарсыласым 47 жекпе-жектің 28-ін жеңген тәжірибелі боксшы екен. Алла жазса Алаш баласы намысқа шабады. Тілектес халқыма Алла разы болсын", - деді спортшы.

Vesti.kz басылымының мәліметінше, бұл кеште ауыр салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз Уалихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкийге (0-3) шаршы алаңда кездеседі. 

Сондай-ақ, 19 жастағы Лаура Есенкелді (0-1) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді.

Оның қарсыласы ресейлік Елена Выстропова.

Еске сала кетсек, "Көк тудың желбірегені" деген әнмен танымал Ибрагим Ескендір Алматыда өткен бокс кешінде тәжікстандық Расул Самадовты 15 секундта жеңген болатын.

Шаршы алаңға шыққан боксшы қарсыласын бірден соққының астына алып, нәтижесінде тәжікстандық тізерлеп, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көк тудың желбірегені" әнімен танылған әнші Азия чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Mailfire view pixel