RU
ТҚКҚ "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің проблемалы нысанымен болған жағдайға түсініктеме берді

ТҚКҚ "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің проблемалы нысанымен болған жағдайға түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

"Бағыстан" тұрғын үй кешені құрылысының мерзімін ұзартудың негізгі себебі - "Нұр-Сұлтан" тұрғын үй кешені құрылысының мерзімін ауыстыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды уақтылы енгізбеу болып отыр.

ТҚКҚ "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің проблемалы нысанымен болған жағдайға түсініктеме берді

Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері аталған фактіге қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ басшылығы бірнеше рет "Бағыстан" ТК үлескерлерімен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, азаматтардың ұжымдық және жеке өтініштері аясында қазіргі жағдайға қатысты көптеген жазбаша түсініктемелер берілген. Алайда, тақырып әлі күнге дейін желіде қызу талқылануда. Азаматтар теріс ақпарат негізге ала отырып, өз пікірлерін жазып, жағдайды ушықтырып жатыр.

"Біздің тарапымыздан барлық түсініктемелер болса да, теріс және жалған ақпараттар, әртүрлі сарапшылардың пікірлері жазылған мақалалар, жалған үлескерлердің жазбалары әлеуметтік желілер мен ғаламторда әлі күнге дейін таралып жатыр. Біз негізгі себептерді атап өттік, мерзімдерді ұзарту - магистральдық желілерді уақтылы жинақтамауға байланысты болып отыр. Бұл фактіні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі растады және қала басшылығы ресми мәлімдеме жасады", - деп хабарланды кепілдік қорынан.

Айта кету керек, қала құрылысы және сәулет қызметі туралы заңнамаға сәйкес, жобаға тек үйдің қаңқасы ғана емес, сонымен қатар осы нысандағы адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар да кіреді.

"Бағыстан" тұрғын үй кешенінің 1 және 3 позицияларының дайын екеніне қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кестесіне сәйкес 2020 жылы қараша айының соңында салынуы жоспарланып отырған инженерлік және коммуникациялық желілердің болмауына байланысты тұрғындарды бұл үйлермен қамтамасыз ету мүмкін емес.

"Өз кезегінде кепілдік беру қоры қалыптасқан жағдайды шешуге бар күшін салып жатыр. Пайдалануға беру мерзімін ұзартқаннан кейін, қор уәкілетті компаниямен және қызмет көрсетуші банкпен бірлесіп нысандағы жұмысты қалпына келтіру үшін шоттарды біріктіру бойынша жұмыстар жүргізді", - деп түсіндірді тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының өкілдері.

Құрылысшының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда нысанда электр, сантехникалық және терезе блоктарын орнату жұмыстары жүргізіп, кешенге магистральдық желілер тартылуда. Жалпы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1, 3 позициялардағы жұмыс кестесінен артта қалу - 51, ал 7, 11 позицияларда - 61 күнді құрады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel