Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Forbes 2019 жылғы "ең ықпалды әйел адамды" атады

Опубликовано:

Forbes журналының нұсқасы бойынша Германия канцлері Ангела Меркель биыл да ықпалды 100 әйелдің рейтингісінде көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ангела Меркель. Фото: vestikavkaza.ru
Ангела Меркель. Фото: vestikavkaza.ru: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, Ангела Меркельден бөлек алғашқы үштікке Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард, АҚШ конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси кірген.

Айта кетейік, Меркель қатарынан тоғыз жыл "ең ықпалды әйел адам" атағын алып келеді.

Тізімге сондай-ақ, америкалық тележүргізуші Опра Уинфри (20 орын) Британ ханшайымы Елизавета II (40 орын) АҚШ президентінің қыы әрі кеңесшісі Иванка Трамп (42 ) бар.

Еске сала кетейік, күні кеше Time журналының нұсқасы бойынша 16 жастағы шведтік эко белсенді Грета Тунберг "Жыл адамы-2019" атанды.

Мектеп оқушысы 2018 жылы сабақтың орнына швед парламентіне келіп, климаттың өзгеруіне қатысты шараларды күшейтуді талап етуімен танымал бола бастады.

Ал биыл БҰҰ-да әлемдік көшбасшылардың алдында сөз сөйлеп, жаһандық климат мәселесін көтергеннен кейін Гретаның танымалдығы тіпті арта түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831665-forbes-2019-zylgy-e-ykpaldy-jel-adamdy-atady/

pixel