RU

Нұр-Сұлтанда заңсыз тұрғызылған нысандар сүріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда бой көтерген нысандар сүріле бастады. Есіл аудандық соты осындай шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

Қазіргі кезде заңсыз салынған ғимараттарды сүру ісі бойынша Шұбар тұрғын үй алабында Құлынды көшесіндегі үш үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2017 жылғы 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданған. Алайда, ғимарат иесі тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастаған. Бұл әрекеті үшін құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылады.

"Ғимарат иесіне бірнеше рет сот орындаушылары тарапынан ескертулер берілді, алайда, нысан қожайыны сот қаулысын орындаған жоқ. 1000 шаршы метр алаңын толық жабатын 4 қабатты коммерциялық мақсаттағы үйді заңсыз әрі құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей көтермек болған. Аталған ғимараттың, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы заңсыз салынған барлық нысандардың сүрілетіндігін хабарлаймыз", – деді Құлышев.

Бүгінде сот шешімін орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды. Сүру жұмысы бір ай бойы жүргізіледі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда заңсыз тұрғызылған нысандар сүріліп жатыр
Mailfire view pixel