RU

Алматының бірқатар ықшам ауданында суық су беру тоқтатылады

Оңтүстік астананың Бостандық ауданына қарасты бірқатар аумақтағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 13 желтоқсан күні 00:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданының Әл-Фараби – Гагарин – Абай – Әуезов көшелері контурында – Ботаникалық бақтың батыс шекарасы, сондай-ақ "Бағанашыл", "Қазақфильм" мен "Нұр Алатау" ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

Сонымен қатар, Абай – Гагарин – Төле би көшелері – Есентай өзені контурында орналасқан ғимараттарда судың қысымы төмендеуі мүмкін.

Суық судың уақытша ажыратылуы магистральды су өткізгіштің зақымдалған бөлігін ауыстыру қажеттілігімен байланысты.

Жөндеу жұмыстары кезінде жоғарыда аталған аумақтарда орналасқан денсаулық сақтау және білім беру нысандары ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

"Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Сондай-ақ қажетті мөлшерде су алып, алдын ала қамдануға кеңес береді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831692-almatyny-birkatar-yksam-audanynda-suyk-su-beru-toktatylady.html