RU

"Есінен танса да, ұруын тоқтатпады": Сәбидің өліміне қатысты куәгерлерден жауап алынды

Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысында куәгерлерден жауап алынды. Жантүршігерлік жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берген куәгерлердің бірі баланы өгей әкеден құтқарып қалмақ болғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгер. Кадр КТК телеарнасының сюжетінен алынды
Куәгер. Кадр КТК телеарнасының сюжетінен алынды: UGC
"Сол жерде тұрып, телефонмен жедел жәрдем шақырттым. Өзіміздің ауданның учаскелік полицейі өтіп бара жатыр еді, оны да тоқтатып алдым", – дейді оқиғаның куәгері Бауыржан Әпсеитов.

Ол сол сәтте күдіктінің мас болғанын растап отыр.

Бауыржан Әпсеитов балаға бірінші болып көмекке келген екен. Дүкендерге азық-түлік таситын ол сол маңнан көлігімен өтіп бара жатқан. Қансыраған баланы көргенде бірден тоқтап, дереу жәрдем шақыртқан, полицияға да хабар берген.

Өгей әкенің баласын өлімші етіп ұрып жатқанын оған дейін басқа бір куәгер көрген. Оның айтуынша, айыпталушы бала есін жоғалтқанда да ұруын тоқтатпапты. Бірақ, әйел балаға араша түспестен, жанынан өтіп кеткен. Судьяның " тәртіп сақшыларын неге шақырмадың?" деген сұрағына келіншек қорыққанын айтып ақталды.

Екі жасар баланы ұрып өлтірген Жеңіс Құрманғазинге қатысты сот аяқталуға жақын. Келесі аптада жарыссөз өтіп, тараптар соңғы сөзін айтады.

Дереккөз: КТК

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831695-esinen-tansa-da-ruyn-toktatpady-sbidi-limine-katysty-kugerlerden-zauap-alyndy.html