RU

"Мансапқұмар": Ақтаулық келіншектің 9 жыл отасқан жұбайы бастығына кетіп қалған

Атырау қаласының Фарида есімді тұрғыны екі баласымен жалғыз қалғанын айтып, жан сырын ақтарды. Жуырда 9 жыл отасқан күйеуі отбасын тастап, бастық әйеліне кетіп қалған. Жас келіншектің айтуынша, сүйіктісі бұл әрекетке махаббат үшін бармаған көрінеді. Мансапқұмар еркек қызметте өсіп, үлкен жетістіктерге жеткісі келеді екен. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін өзінен 11 жас үлкен әйелдің жүрегін жаулап алуға тырысқан деп жазады KAZNUR.KZ.

Көрнекі фото:pixabay.com
Көрнекі фото:pixabay.com: Depositphotos

Фарида өмірін отбасына арнаған келіншек. Бірінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін, жұмыстан шыққан. Бар уақытын ұлын тәрбиелеуге арнап, күйеуіне жайлы жағдай жасап отыруды қалаған.

"Мен 25 жасымда тұрмысқа шықтым. Бойдақ кезімде балабақшада жұмыс істеген болатынмын. Жарас екеуміз кинода таныстық. Бір билетке таласып қалып, қызық болған еді. Кейін жақын араласып, бір-бірімізді ұнатып қалдық. Араға бірнеше жыл салып, отбасын құрдық. Болашаққа деген арман-мақсаттарымыз көп болатын", - дейді кейіпкер.

Бүгінде Фариданың күйеуі мұнай компаниясында еңбек етеді. Атыраулық азамат уақытының басым бөлігін жұмыста өткізеді. Жиі іс-сапарларға шығып, бар ынта-жігерін қызметте өсуге жұмсайтын көрінеді. Әртүрлі жобаларды әзірлеп, балаларына да көп көңіл бөлуге мүмкіндігі бола бермеген. Жұмысының арқасында отбасын асырап отырғандықтан келіншегі де күйеуіне қабағын шытпауға тырысқан екен.

"Күйеуім үйге түнделетіп келетін. Тамағын әзірлеп күтіп отырамын. Бір мезгіл болса да, ыстық тамақ ішу қажет. Балалары үнемі әкелерін сұрап, сағынатын еді. Апталап іс сапарға кететін кезде де көңіліме күдік ұялатқан емеспін. Жарас тапқан табысын отбасына әкелетін. Бірақ жұмысы көп болғандықтан шаршап-шалдығып жүретін. Бастығы күндіз-түні тапсырма беріп, қатаң талап қоятын. Барынша түсіністік танытуға тырыстым", - дейді жас келіншек.

Алайда, уақыт өте келе Жарас өзгеріп, мүлдем басқа мінез көрсете бастаған. Кейін Фарида күйеуінің өзіне опасыздық жасап жүргенін біліп қойған. Бөтен әйелді отбасынан артық көрген азаматын кешіре алмай, ұзақ қиналған. Жарас Фаридаға бастығын ұнатып қалғанын айтып, сүйіктісімен жаңа өмір бастағысы келетінін жеткізген. Алайда, екі баламен жалғыз қалған әйел сүйіктісінің бұл сөзіне сенбейтінін айтқан. Ал жұбайы үнсіз есікті жауып кетіп қалған.

"Күйеуім қазір өзінен 11 жас үлкен әйелмен тұрып жатыр. Жарас ол әйелді сүймейтініне сенімдімін. Мансап үшін отбасын тастап кеткені қыңжылтады. Қазір екеуміздің бөлек тұратынымызға бірнеше ай болса да, әзірге екеуміз ажырасу туралы сөйлескен жоқпыз. Мен балаларыммен бірге өзіміздің бұрынғы пәтерімізде тұрып жатырмын. Жарас анда-санда балаларына келіп тұрады. Қаржылай да көмектесіп, жағдайымызды жиі сұрайды. Дегенмен алдағы болашағымыз бұлыңғыр болып тұр", - дейді Фарида.

Жарас отбасынан кетіп қалғаннан кейін жұмысында өсіп, бөлім басшысы қызметіне тағайындалыпты. Фариданың айтуынша, бұл жетістікке жетуіне көңілдесі тікелей ықпал еткен екен. Енді күйеуінің жанұясына оралуы екіталай. Жас келіншек Жарастың бастығымен кездесіп, сөйлескенін айтады. Бірақ бұрын тұрмыста болып көрмеген әйел оның сөзіне илана қоймапты.

"Жарастың қазіргі тұрып жатқанын әйелін көріп, шошып кеттім. Табиғатынан ажарсыз келген кісі. Қолында билігі мен ақшасынан басқа ештеңе жоқ. Жарастың өзін сүйетініне сенімді. Менің айтқан сөздерімді тыңдағысы келмей, қуып шықты. Шындап келгенде, мен отбасым үшін сүйіктімді қайта қабылдауға дайынмын. Күйеуім отбасы жұмысынан маңызды екенін түсінсе екен", - дейді Фарида.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831710-mnaj-kompaniasynda-istejtin-kjeui-zge-jeldi-eteginen-stap-ketken-kelinsek-myn-sakty.html