RU
Павлодарда энергетиктер "жұмыс жүрсін" деген ниетпен сиырды құрбандыққа шалған

Павлодарда энергетиктер "жұмыс жүрсін" деген ниетпен сиырды құрбандыққа шалған

Рассказать Вконтакте

Павлодарда Ақсу жылу электр орталығында бір топ қызметкерлер генератордың жақсы жұмыс істеуін тілеп, ірі қараны құрбандыққа шалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы KТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр/Instagram/unformatpvl, pixabay.com

Фото: Видеодан кадр/Instagram/unformatpvl, pixabay.com

Желіде тараған видео кадрынан құрбандыққа шалынған малды орталыққа жүк көлігімен алып кіргенін байқауға болады.

Телеарна мәліметінше, Ақсу жылу электр орталығында жасалған жөн-жоралғыға зауыт жұмысшыларының барлығы қатысқан.

Оқиға куәгерлері қызметкерлер жұмыс орнындағы бір турбинада ақау шығып әбігерге түскенін айтып берді.

Кәсіпорын басшылары бұны әлдебір жұмбақ күштің кедергі келтіруінен жұмыс тұрып қалды деп ойласа керек.

Энергетиктер құрбандыққа мал шалып, оның қанын әлгі қосалқы бөлшектерге шашқан.

Аталған оқиғаға байланысты "ЕЭК" АҚ коммуникация бойынша жетекші маманы Әйгерім Иманғазинова пікір білдірді.

"Дәстүр бойынша, бізде ірі жобалар жүзеге асқанда немесе кәсіпорын нысандарының құрылысы қайта жөнделсе, дін қызметкерлерін шақырып батасын аламыз. Бесінші блок іске қосылғанда да солай істедік. Бұл жұмысшылардың бастамасы. Етті аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тараттық", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel