Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыздар президент қолынан марапат алған әріптестерін жаппай құттықтауда (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мәртебелі марапат алған әріптестерін құттықтап жатыр. Өнер иелері Роза Рымбаева, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова мен Димаш Құдайбергеннің жетістігіне аса қатты қуанып, оларға деген ақ тілегін жаудыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/rozarymbaeva/kudaibergenov.dimash/tamara_assar_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/rozarymbaeva/kudaibergenov.dimash/tamara_assar_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Күні кеше Роза Рымбаеваға "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілсе, Тамара Асар мен Димаш Құдайберген "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды.

Сонымен қатар Гүлнұр Оразымбетова Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қолынан "Құрмет" орденін алған.

Осы орайда отандық жұлдыздар мемлекеттік наградалармен марапатталған өнердегі әріптестерін құттықтауда. Олардың басым көпшілігі өз құттықтау тілегін Instagram желісінде жазған.

"Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында әріптестеріміздің еңбегі еленіп, мемлекет тарапынан марапатталып жатыр! Шын жүректен қуаныштымын! Адал еңбек, маңдай тер қашанда еленсе керек. Сіздер марапаттың қай түріне де лайықтысыздар! Дендеріңізге саулық,шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін! Сіздер өз салаларыңыздың маманысыздар! Шарықтай беріңіздер! Самғай беріңіздер! Қашанда тілекшімін" , - дейді Айгүл Иманбаева.
"Шын жүректен құттықтаймын. Мықтысыздар" , - деп қысқа қайырды Мөлдір Әуелбекова.
"Қазақ елінің мақтанышы, алтын дауыс иесі, "Қазақстанның еңбек ері" жоғары мәртебелі марапатымен шын жүрегімнен құттықтаймын! Жарқырай беріңіз Роза Қуанышқызы" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831720-zldyzdar-prezident-kolynan-marapat-algan-riptesterin-zappaj-kttyktauda-foto/

pixel