Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділбек Ниязымбетов қашан үйленетінін айтты

Опубликовано:

Боксшы Әділбек Ниязымбетов қашан ресми түрде бойдақтар қатарынан шығып, отбасы құруды жоспарлап отырғанын айтты. Белгілі болғандай, спортшының жүрегі бос. Былғары қолғап шебері арманындағы аруды әлі таппаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әділбек өмірлік жарын әлі жолықтырмағанын алға тартқанымен, келер жылы шаңырақ көтеруді жоспарлап отырғанын айтады.

Боксшы жүрегінің жартысын тауып қаларына үмітті.

"Өзімнің адамымды әлі таппадым деп ойлаймын. Келесі жылға жоспарлап отырмыз. Табылып қалар енді, бұйырғаны", - деген спортшы болашақ жұбайына қояр талаптарын да атап өтті.

"Ең бірінші адамның бір-біріне деген сыйластығы ғой. Сыйласып білсе.
Қыздың тазалығы, күйеуіне, жігітіне деген сүйіспеншілігі, үлкендерді сыйлап, құрметтеп білсе бәрі жақсы болады. Қалғандары уақыт-уақытымен келеді, үйретуге болады деп ойлаймын" , - дейді Әділбек Ниязымбетов.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқой бокстан әлем чемпионаты мен Лондон және Рио олимпиадаларының күміс жүлдегері.

Бүгінде бұрынғы боксшы елордадағы олимпиадаға даярлау орталығында жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831730-li-zrmin-goj-dilbek-niazymbetov-kasan-jlenetinin-ajtty/

pixel