Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде аяғын күшік жалаған әжей қауіпті инфекция жұқтырған

Опубликовано:

Израиль тұрғыны аяғын күшік жалағаннан кейін аса қауіпті инфекциямен ауруханаға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

86 жастағы қарт кісі оң аяғы ауырсынып, лоқсып, қызуы көтерілген соң ауруханаға барған. Оның мұндай халке түсуіне қанынан Streptococcus canis бактериясының табылуы болған. Бұл әдетте мысықтар мен иттерде кездесетін ауруды қоздыратын бактерия.

Streptococcus canis-ты жұқтырудың соңы ағзаға жұқпалы аурудың толық жайылып кетуімен, өкпенің қабынуымен және басқа да қауіпті асқынулармен аяқталуы мүмкін.

Дегенмен дәрігерлер қарт әжейдің инфекциясына дер кезінде ем-дом жасаған. Ит стрептококк бактериясын жұқтырған науқас ауруханада үш күн жатып, содан кейін үйіне шығарылған.

Мамандар инфекция зейнеткердің организміне аяғын күшік жалаған сәтте түсуі мүмкін деген болжам жасады.

86 жастағы әжей мүгедектер арбасында таңылған. Ол диабетпен ауырып, ревматоидты артриттің дәрісін қабылдап жүрген екен.

Яғни қауіпті инфекция аяғы мен саусақтарының арасындағы терісінің қажалған жерінен жұққан, сондай-ақ иммунитеті әлсіз күйде болғандықтан бактерия ағзаға тез енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831732-izrailde-aagyn-ksik-zalagan-zej-kauipti-infekcia-zktyrgan/

pixel