Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қалаулымдық жұп сәбиін перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасының арқасында танысып, табысқан Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек жақында ғана ата-ана атанған болатын. Атышулы жобаның бұрынғы қатысушысы сүйіктісіне ұл бала сыйлайды. Күні кеше жас әке келіншегі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/elshinzhanerke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/elshinzhanerke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қалаулымдық жұптың қуанышына барша жақындары мен достары куә болған. Олар да жас әкемен бірге перзентханаға келіп, Жанеркеге гүл шоқтарын тарту етті.

Ахмет-Әлиді алып қайту шарасы нағыз үлкен мереке іспетті өткен.

Еркебұлан Ахметбек тіпті, тұңғышын үйге алып қайту үшін қымбат маркалы автокөліктерден құралған арнайы кортеж де жалдаған.

Көліктерге мінгескен көпшілік улап-шулап, анасы мен баласын үйлеріне алып қайтты.

Оған қоса, жас ата-ананың туыстары олардың үйін де ерекше үлгіде шарлармен безендіріп қойған. Ұлды болған қалаулымдық ару мұндай тосын сыйлар тізбегін күтпегендіктен аса қатты таңғалып, жақындарының жылы лебізіне қуанған.

Жанерке Елшін болса перхзентханадан шыққан сәтіндегі суреттерімен желіде бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831737-belgili-kalaulymdyk-zp-sbiin-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel