RU
Бие сүтінен жасалтын "Майонез" туралы не білеміз

Бие сүтінен жасалтын "Майонез" туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Елімізде тұңғыш рет бие сүтінен "Майонез" жасалып, нарыққа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Телеарна мәліметінше, қазақтың саумалы араласқан майонез, дүкен сөрелеріне сатылымға шыққан.

Технологтар өнімде бие сүтінің пайдалы дәрумендері сақталғанын, онда дертке дәру болатын 40 компоненттің барлығы бар екенін алға тартты.

"Бұл өнімді өндіруге бізге бір жылдай уақыт жұмсалған болатын. Бие сүті дәрумендерге, ферменттерге, аминқышқылдарына және тағы да басқа компоненттерге бай. Осыған байланысты бастапқа күйін сақтаған шикізат көзін табу бізге мақсат болды", - деді маман Мадина Кәметбекова.

Технологтың айтуынша, майонезді ыстықтай құю тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өнімді ұзақ мерзімге дейін қоспаларсыз сақтауға мүмкіндік береді.

Еуразиан фудс корпорейшн қызметкерлері бұндай технология өндірушілерге қымбат болған соң, басым бөлігі басқа әдіспен жасайтынын жасырмады.

"Еуразиан фудс корпорейшн өнімдерінің сапасы мен ерекше дәмін қазақстандық тұтынушылар жоғары бағалайды. Бірнеше жылдан бері тауарларымызға алыс жақын шетелдерден де сұраныс көп", - деді компанияның басқарма төрағасының орынбасары Иван Колесников.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel