RU

Тұрғымбаев: Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Олеся Кексель. Фото: time.kz. Ерлан Тұрғымбаев. Фото ІІМ баспасөз қызметі

Олеся Кексель. Фото: time.kz. Ерлан Тұрғымбаев. Фото ІІМ баспасөз қызметі

Бұл туралы министр үкімет отырысынан кейін журналистерге айтып берді.

"Қылмыстық құрамның болмауына байланысты Қазақстанның бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды. Оның ісіне қатысты барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жөнелтілді", - деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Олеся Кексельге қатысты ІІМ тергеу жүргізіп жатқаны хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы не үшін тергеліп жатқанын айтқан еді.

Ал Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс сағатында бұл іске қандай да бір түсінік беруден бас тартқан.

Ал ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Олеся Кексель сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан.

Ол бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрғымбаев: Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды
Mailfire view pixel