RU
"Бұрын түсіме де кірмеген": Танымал тележүргізуші қымбат көлігімен мақтанды (фото)

"Бұрын түсіме де кірмеген": Танымал тележүргізуші қымбат көлігімен мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Жанат Бақыт арманындағы көлікті сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол Тойота 200 Executiv Lounge темір тұлпарының иесі атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhanat_bakyt. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhanat_bakyt. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жанат Бақыт арманындағы көлікке қалай ие болғанын өзінің Instagram парақшасында баяндап берді.

Айтуынша, су жаңа көлігі таза адал еңбектің жемісі.

"Бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ! Бүгін армандаған көлігімді сатып алдым! Туысым, күйеуім, танысым әперсе, немесе басқа жолмен тапқан ақшаға алсам, алған көлігімнің суретін салмас ем! Бұл тап-таза, ақ адал еңбекпен, көп кітап оқып, соның арқасымен келген ақ тұлпар! Төрт жыл бұрын түсіме де кірмеген бұл көлікті армандамаған да ем!
Көлік сататын салонның іші түгілі сыртынан жүруге жүрексінетінмін. "Ескі Тойота Йарисім әйтеуір бұзылмай жүрсе болғаны" деп айлықтан айлыққа әрең жетіп жүре беретінмін. Шүкіршілік, тәуба деген жақсы ғой, алайда бірқалыпты өмірде бір орында тұрып қалмау керек екен. Өмірің, айналаң, көлігің, баспанаң өзгерсін десең бұрын істемегенді істеп тыпырлай беруің керек екен. Тырысқанға Алла Тағаланың өзі демеу болады!
Санаңды байыт! Ойыңды байыт! Ала жіпті аттама, ешкімді жамандама! Еңбек ет! Адал еңбек ет! Ештеңеден Қорықта! Құдайдан ғана қорық! Армандаудан жасқанба, мақсат қоюдан қорықпа! Айналаңа шуақ шаш, жақсылық жаса! Қатал бол, қатігез болма! Әділ бол! "Жоқ" дегенді мүлде айтпа! Сонда бәрі болады екен! Осы 3 жылда жеткен жетістігімнің бірі-қорқыныш деген қамалды мүлде бұза алғаным!", - деген тележүргізуші жұртты қорықпауға шақырды.

"Тәуекелге барыңыз! Қазір іске асырыңыз! (...) Сонда арманың айтпай-ақ орындалады!" , - дейді Жанат Бақыт.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel