RU

Балабақшада желтоқсан құрбандарын сомдаған бүлдіршіндер елді тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғаламтор кеңістігінде желтоқсан құрбандарын сомдаған балабақша тәлімгерлерінің видеосы тарап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлердің образында болған бүлдіршіндер желі қолданушыларын ерекше өнерімен таңғалдырып, тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Балақайлардың желтоқсан құрбандарын сомдап жатқан видеосы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен.

Бейнежазбадан полицей белсенділердің бірін қолын кісендеп, күштеп алып келгенін көруге болады. Ол өз кезегінде тізерлеп отырып, ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған Қайрат Рысқұлбековтың "Ақтық сөзін" айтып берді.

"Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
"Еркек тоқты – құрбандық",
Атам десең, атыңдар" , - деп бүлдіршін өлең жолдарын оқиды.

Бүлдіршіндер орындауындағы аса әсерлі қойылым желідегілердің көңілінен шыққан. Көпшілік балалардың актерлік қабілетіне жоғары бағалаған.

"Жандарым, қиын әрі ауыр рөл берілген екен" , "Меніңше балабақшада мұндай жасату дұрыс емес сияқты" , "Машаалла балапандар, жарайсыңдар" , "Алла берген ақылдылар" , "Бір тәтті өздері" , "Мына көрініс балаларға дұрыс емес" , "Тамаша, бүлдіршіндер аса талантты екен" , - деп жазуды желі оқырмандары

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балабақшада желтоқсан құрбандарын сомдаған бүлдіршіндер елді тәнті етті
Mailfire view pixel