RU

Түсік тастағанын жасыру үшін жас келіншек перзентханадан бала ұрлаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиландтық келіншек күйеуінен түсік тастағанын жасыру үшін бөтен біреудің сәбиін ұрлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

27 жастағы ару 2019 жылдың қараша айында түсік тастаған. Алайда, күйеуіне шындықты айтуға қорқып, білдірмей жүре берген. Бір ай өткен соң ол босанамын деп перзентханаға жатқан. Сол жерде жақында ғана нәрестелі болған жас жұбайлармен танысқан.

Олармен жақын араласып, сенімдеріне кірген. Кейін сәтін тауып, сәбимен қыдырып қайтуға рұқсат сұраған. Сөйтіп, нәрестені үйіне ұрлап әкетіп, күйеуіне "қыз босандым" деп көрсеткен.

Алайда, келіншектің жоспары іске аспады. Оның сәбиді алып қашқан сәті ауруханадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сол күні полиция оны күйеуінің көзінше тұтқындаған.

Тұрғын бала ұрлағанын мойындады. Енді ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, биыл осыған ұқсас оқиға Таразда орын алды. Облыстық перинаталдық орталықта босанған келіншек өзге әйелдің нәрестесін ұрлап әкетіп, сатпақ болған.

Әйел адамның жаңа туған сәбиді мекемеден алып шығып бара жатқан сәті бейнебақылауға түсіп, қылмысы әшкереленді.

Таяуда әйел адамға қатысты сот үкімі шықты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түсік тастағанын жасыру үшін жас келіншек перзентханадан бала ұрлаған
Mailfire view pixel