RU

Асқазаныңыз ауырмас үшін Жаңа жыл түнінде ас мәзірі қандай болу шарт

Telegram logo VKontakte logo

Мамандар Жаңа жыл түнінде дастарханда қандай тағамдар болуы тиіс, ал қандай тағамдардан бас тарту қажет екенін айтып берді. Сондай-ақ, олар үстел үстіндегі тағамдар денсаулыққа кері әсерін бермес үшін, мерекелік мәзірдегі алдын ала ойластыруды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мамандар Жаңа жыл түніне асқазанды қалай дайындау қажет екенін айтты

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дәрігер Маргарита Королёва жаңа жыл түнінде дастарханға қойылатын тағамдар адамның күнделікті тұтынатын тағамынан өзгеше екенін айтады.

Сондықтан ол мерекелік дастарханда тұратын тағамдарды алдын ала әзірлеп көруге кеңес береді.

Артық салмақпен күресудің маманы Майра Рау, Жаңа жыл түні әдеттегідей қалыпты тамақтану керек екенін айтады.

Диетолог-дәрігер Сергей Обложконың сөзінше, мерекелік кеште жерорта теңізі диетасын ұстаған абзал. Оның басты компоненті - жаңғақтар, балық және жеміс-жидек, зәйтүн майы, йоргурт пен теңіз өнімдері болып табылады.

"Мен адамға қаныққан майлардан бас тартуды ұсынар едім. Олар бірден қорытылмайды. Яғни, майды аз жеп, майшабақты көбірек тұтыну керек. Оның құрамында балық майы көбірек, D витамині де бар", - дейді Облажко.

Сонымен қатар мамандар салаттарды қолдан жасалған тұздықтармен араластыруға кеңес береді. Салатқа тазартылмаған маймен араласқан лимон шырынын қосқан абзал.

Маргарита Королева еттің майлы түрлерінен бас тартуды ұсынады, себебі шошқа еті мен сиыр еті - адам ағзасына ауыр тиеді. Оның орнына құс етінен жасалған жеңіл тағамдар мен салаттар, ал десертке жеміс-жидектер жеген дұрыс. Олар торттардан әлдеқайда пайдалы.

Мамандардың сөзінше, тіпті, сусындар мен шараптарды жай ғана сумен алмастырған жөн екен.

Сонымен қатар мамандар мереке түні көбірек тамақ жеу үшін күні бойы аш жүрмей, кешке дейін қарныңызды тойдырып алуды ұсынады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Асқазаныңыз ауырмас үшін Жаңа жыл түнінде ас мәзірі қандай болу шарт