RU
Бар уақытын отбасына арнайтын жас жігіт 24 жасында зейнетке шығудың құпиясын ашты

Бар уақытын отбасына арнайтын жас жігіт 24 жасында зейнетке шығудың құпиясын ашты

Рассказать Вконтакте

Майк Роузхарт есімді ағылшын жігіті 24 жасында зейнетке шыққан. Оның айтуынша, арманына жету үшін Майк бірде-бір кофе сатып алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы The sun басылымына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/mikerosehart

Фото: instagram.com/mikerosehart

IT сарапшы, 27 жастағы екі баланың әкесі осыдан үш жыл бұрын зейнетке шығып алған. БАҚ өкілдеріне құпиясын ашқан жігіт, 7 жыл жұмыс істеп зейнетақы қорына 578 132 еуро ( 247,601,459 теңге) жинап үлгергені мәлімдеді. Ол алғашқы үйін 19 жасында сатып алған.

Алайда ағылшын азаматы мұндай өмірге қол жеткізу үшін өзі мен отбасы сән-салтанаттан бас тартқан. Басылымның жазуынша, Роузхарт әйеліне танымал кофеханадан кофе сатып алуға да тыйым салған.

"Уақытынан бұрын зейнетке шығуымның себебі мынада: Аз жұмсау, көп ақша табу және айырмашылықты барынша арттыру", - деді Майк Роузхарт.

Оның сөзінше, көпшілік үшін өзін бір шыныаяқ кофе, жаңа телефон немесе шетелге барудан тежеу қиын болып жатады.

Майктың пікірінше, өз қажеттілігімізді азырақ өтесек, онда ақшаны көбірек жинап, мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік береді.

Роузхартқа ерте зейнетке шығу идеясы 2010 жылы Канададағы Ivey Business School-да оқып жүргенде келген. Ол даниялық астрофизик Фискердің зейнетке ерте шығу жайлы кітабын оқып, шабыттанған.  

Майк университетте оқып жүріп, шекара қызметінен жақсы жұмыс тапқан. Әйелі екеуі арзан пәтерді жалға алып, велосипедпен жүрген. Кейін 115 мың фунт стерлингке (60 млн теңгеге жуық) коттедж сатып алады. Олар үйдегі әр бөлмені жалға берген. Осының арқасында коттедждің кредитін жауып, банкте ақша жинай бастаған.

Университеттен соң Майк басқа жұмысқа орналасты. Ол бірнеше пәтер сатып алып, жалға бере бастаған. Қазір олардың екі қызы бар. Ер адам ерте зейнетке шығуының арқасында бар уақытын отбасына бөлетінін айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel