RU

УДЗ-ға түскен жүкті келіншек суреттен әкесінің елесін көріп, таңырқап қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Шантель есімді тұрғыны екінші баласына аяғына ауыр кезде жоспарлы түрде дәрігер қабылдауына барған. Құрсақ ішін ультрадыбыстық зерттеуден өткен келіншек суретті қолына алған кезде біраз таңырқап қалыпты. Себебі ол жерден әйел адам сәбиіне қарап тұрған марқұм әкесін көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ esoreiter.ru-ге сілтеме жасап.

УДЗ-ға түскен жүкті келіншек суреттен әкесінің елесін көрді (фото)

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Келіншектің айтуынша, ол УДЗ-дан шыққан суреттегі мүсінді бірден таныпты. Ол оның жуырда ғана көз жұмған марқұм әкесі болып шыққан.

Шантель ойын растау үшін отбасылық мұрағаттарды ақтарып, әкесінің бұрынғы суретін де тауып алған. Ол жерде ер адам тұғыш немересін дәл УДЗ-дағы суреттегідей қолына ұстап, оған мейірімді жүзімен қарап тұрыпты.

Екі суреттің арасында айтарлықтай ұқсастық болған. Болған жайттан есін әрең жиған келіншек бұл туралы әлеуметтік желіге жазуға бел буыпты.

Желі қолданушылары келіншектің ойын растап, өздерінің де басынан осындай жағдайлардың өткенін жарыса жазды.

Шантельдің пікірінше, марқұм әкесі әлі күнге дейін оның жанында жүріп, баласын қорғап жүр екен.

Кейбір ғалымдардың ойынша, қыздың әкесі оған үнемі жанында екенін білдірту үшін суреттен әдейі көрніпті.

Кейбір желі қолданушылары суреттің кей жері жай ғана бұлдырлап қалғанын, оның шын мәнінде марқұм әкесі емес екенін алға тартты.

Алайда ер адамның тұңғыш немересімен түскен суретінің УДЗ суретіне ұқсас екенін жоққа шығару мүмкін емес.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
УДЗ-ға түскен жүкті келіншек суреттен әкесінің елесін көріп, таңырқап қалды (фото)
Mailfire view pixel