RU

Бақытжан Сағынтаев Мақпал Жүнісованы марапаттады (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісоваға медаль тақты. Шаһар басшысы өнер иесін оңтүстік астанаға сіңірген еңбегі үшін марапаттаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл қуанышты жаңалығымен Мақпал Жүнісованың өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Ол еңбегін елеген Алматы басшысына алғысын білдіріген.

"Елегендеріңіз үшін, Алматы әкімі Бақытжан Әбдірұлына үлкен рахмет! Дәл осы сәтте марапатталдым" , - деп жазды әнші.

Өнер иесі Алматы әкімдігінің ғимаратында өткен марапаттау рәсімінен видео жариялаған.

Желі қолданушылары бірден Жүнісованы құттықтап, оған деген ақ тілегін жаудырды.

"Әбден лайықсыз" , "Құтты болсын Мақпал апай, еңбегіңіздің демісін көре беріңіз" , "Жарайсыз, сіз үшін аса қуаныштымын" , "Марапат құтты болсын, еңбегіңіз жансын" , "Жүлделеріңіздің қатары көбейе берсін" , "Сізді жақсы көреміз, тек қана алға ", "Сізге "Еңбек еруін" беру керек, бәріне лайықсыз" , "Бұдан да зор құрметке лайықсыз" , "Құтты болсын, жетістіктеріңізге тек қана қуанышпен қараймыз" , - деп жазуда халық.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бақытжан Сағынтаев Мақпал Жүнісованы марапаттады (фото, видео)
Mailfire view pixel