Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда спортшы жігіт жаттығу кезінде қайтыс болды

Опубликовано:

Қайғылы оқиға 11 желтоқсанда әскери қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz: Facebook

Қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде 1996 жылғы жас жігіт қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінде мәлім еткендей, аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 001 бабы (кісі өлімі) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Каратэ Годзю рюден әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан қайтыс болды. Ол туралы журналист Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлаған болатын.

"Бүгін таңға жуық Каратэ Годзю рюден Әлем чемпионы, Европа чемпионы, болашағынан зор үміт күттірген азамат - 23 жастағы жас спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан көз жұмды. Жатқан жерің жайлы, иманың саламат болғай, батыр ұл!", - деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831788-aktauda-sportsy-zigit-zattygu-kezinde-kajtys-boldy/

pixel