Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызғаншақ әйелінің ерсі қылықтарынан мезі болған азамат жұрттан кеңес сұрады

Опубликовано:

Үш жыл бойы отбасылық өмірдің дәмін сезініп жүрген ер адам әйелінің қызғаншақ мнезінен әбден шаршағанын сөз етті. Айтуынша, азамат жұбайын шын сүйіп, қадірлейді екен. Алайда оның шектен тыс қадағалауы ер адамың өміріне біраз келеңсіздік тудырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мазамды қашырды": Қызғаншақ әйелінің ерсі қылықтарынан мезі болған ер адам мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы ер адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Отбасын құрғаныма үш жыл болды, арада ұлшымыз бар. Осы уақыт бойы әйелім мені қызғанып, әбден мазамды қашырды. Үйленбей тұрғанда ол өте тәкәппар, сұлу еді. Оған қол жеткізгенде сондай бақытты едім. Бірақ қазір оның барлығы тіпті, болмаған секілді", - деп ағынан жарылды ол.

Қол жетпес арман болған жанын жар етіп алған азамат о баста әйелінің өзін қызғанып жатқанына сүйсініпті. Алайда уақыт өте бұл ерсі қылық жігіттің қытығына тиген.

"О баста оның қызғанып жатқанын көргенде, іштей қызығып, қуанатынмын. Кейін аяғы ауырлағанда жүктілік үшін осындай қызғаншақ болып кетті дедім. Алайда енді бұған төзе алар емеспін. Мен оған құрбыларымен бірге серуендеп келуге кеңес беремін. Ал ол үйде менімен бірге отырғысы келетінін айтады. Оның ойынша, мен де соны қалауым керек.
Менің онсыз да жақын достарым жоқ. Кешке үйге уақытында келемін. Әйелім жұмысыма барып, қызметтестерімді де зерттеп шықты. Кейде бастық әріптесіммен мені қала сыртына жібереді. Ұрыстың көкесі сол кезде басталады", - дейді кейіпкер.

Ер азаматтың сөзінше, ол әйеліне үйде бос отырмай, жұмысқа шығуып, елмен араласуын сұрапты. Алайда мұндай ұсынысты күтпеген келіншек күйеуін кінәлай жөнеліпті. Кейіпкер өзін үнемі қызғана беретін сүйікті жарынан суынып кетуге қорқады екен.

"Баламыз екі жастан асты. Сол себепті оны балабақшаға беріп, жұмысқа орналасуын сұрадым. Әйтпесе үйде отырып, есінен алжысатын болды. Ол болса: "Сен мені қызғанбайсың. Жайбарақат жібере салғың келіп тұр" деп жылады.
Мен оны сүйемін, түсінуге тырысамын. Дегенмен ол мені осындай қылықтарымен алыстатып жіберетін болды. Төсек қатынасы мәселесінде бәрі дұрыс. Бірақ оған суынып кетемін бе деп жиі ойлаймын", - деді ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831815-kyzgansak-jelini-ersi-kylyktarynan-mezi-bolgan-azamat-zrttan-kees-srady/

pixel