RU

"Колбин, кет!": "Митингті" таратқан балалардың видеосы халықтың шамына тиді (видео)

Қазнет қолданушылары шамасы Қазақстандағы балабақшалардың бірінде түсірілген бейнероликті қызу талқылауда. Желіде пайда болған видеоның кадрларына қарағанда, балалардың бір бөлігі "Колбин, кет" деп ұрандатып, митинг қатысушыларының рөлін сомдауда. Ал қалғандары полицейлердің бас киімдерін киіп, қолдарына ойыншық автомат ұстап, шерушілерді таратуға тырысып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: UGC

Шамасы балабақша тәрбишеілері 1986 жылғы қайғылы оқиғаның көрінісін қойған. Іс-шара қазақ тілінде жүргізілген.

Аталған бейнероликті Facebook қолданушысы Андрей Андреев өзінің парақшасында жариялады, алайда, оқиғаның нақты қай жерде өрбігені айтылмаған.

Дегенмен, желі қолданушыларын бұл мәселе алаңдатпайды. Олардың басым бөлігі тәрбиешілердің балалардың қолына автомат ұстатып, митингті таратуды үйретіп жатқандарына шүйлікті.

"Балаларды кішкентай кезінен митингті таратуды үйретіп жатыр. Көрініс Колбин жайлы, бірақ, мәселе олардың бастарында митингті тарату керек деген ой қалыптасатынында. Менің ойымша, бүлдіршіндерді саясатқа араластырудың қажеті жоқ", – деп жазды видеоны жариялаған желі қолданушысы.

Бұл бейнероликке пікір білдірушілердің басым бөлігі кішкентай балақайлардың мұндай көрініске қатыстырылуына ашулы.

"Бұл сұмдық, сөз жоқ. Не деген балабақша, ашуға тиетін зат", "Сұмдық. Кішкентай балаларды неге үйретуде", "Одан да балалар ертегісінің көрінісін жасамай ма? Миларының жеткені осы ма?", – деп жазды олар.

Ал пікір білдірушілердің бірі бұл көріністе митингті таратуды үйретіп жатпағанын, онда нақты желтоқсан оқиғасы көрсетілгенін атап өтті.

"Көбісі балаларды митингті таратуға үйретіп жатыр деп ойлады. Негізінде, балалар тәрбиешілермен бірге 86-жылғы оқиғаны көрсетуге тырысқан. Менің ойымша, бұл жерде жағымсыз ештеңе жоқ", – деп жазды ол.

Дегенмен, желі қолданушылардың дені балабақша директоры мен тәрбиешілерді жазаға тартуды талап етіп отыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831829-kolbin-ket-mitingti-taratkan-balalardy-videosy-halykty-samyna-tidi-video.html