RU

"Астана LRT ісі": Нұр-Сұлтан мәслихатының хатшысы қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Астана LRT" ісі бойынша қамауға алынғандардың бірі - елорда мәслихатының қазіргі хатшысы Жанат Нұрпейісов. Бұл туралы агенттік тергеушісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі брифингінде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер осыған дейін "Астана LRT" ісі бойынша бес күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын. Олардың екеуі-әкімдік қызметкерлері. Алғашқысы әкімдік басқармаларының бірін басқарса, екіншісі мәслихат хатшысы Нұрпейісов.

Тағы үшеуі – жеңіл рельс құрылысы жобасынан миллиард теңге жымқыру қылмыстық сызбасына қатысқан мердігер ұйымдардың өкілдері.

Тергеуші Перовтың хабарлауынша, Нұрпейісов қазір мәслихат қызметкері болып табылады. Қамауға алынған кезде ол Нұр-Сұлтан әкімдігінде жұмыс істеп жүрген.

Ұсталған хатшысының аты-жөні әлі де елорда әкімдігі сайтында көрсетіліп тұр.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Астана LRT" ісі бойынша бес адам қамауға алынды. Олардың үшеуі өз кінәсін мойындады. Үш адамға мемлекетаралық іздеу салынды. Талғат Ардан мен Сұлтанбековтан бөлек, Әбдіхамитов жобасы бойынша мердігер ұйым басшыларының бірі іздестіріліп жатыр.

Осыған дейін Талғат Арданды іздестірген Интерпол енді Сұлтанбековты іздеуді қолға алады. Агенттік басты екі күдіктінің шетелдік компаниялармен бірігіп жұмыс істегенін хабарлады. Олар жобаның сомасын көтеріп, ақша ұрлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Астана LRT ісі": Нұр-Сұлтан мәслихатының хатшысы қамауға алынды
Mailfire view pixel